• Sonuç bulunamadı

Atlas Journal

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2021

Share "Atlas Journal"

Copied!
9
0
0

Yükleniyor.... (view fulltext now)

Tam metin

(1)

ATLAS INTERNATIONAL REFERRED

JOURNAL ON SOCIAL SCIENCES

ISSN:2619-936X

Article Arrival Date: 06.11.2017 Published Date:15.01.2018

2018 / January Vol 4, Issue:7 Pp:7-15

Disciplines: Areas of Social Studies Sciences (Economics and Administration, Tourism and Tourism Management, History, Culture, Religion, Psychology, Sociology, Fine Arts, Engineering, Architecture, Language, Literature, Educational Sciences, Pedagogy & Other

Disciplines in Social Sciences)

КӨНЕЛЕНГЕН СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН СӨЗДЕР

WORDS THAT ARE MADE WITH THE HELP OF OLD CASE ENDINGS

Ayiagoz Oteukyzy BAYDAULETOVA

Candidate of philological sciences University, The Republic of Kazakhstan

ТҮЙІНДЕМЕ Септік категориясы есімдердің жалпы грамматикалық категориялар ішінде маңызды рөл атқарады және тілдің грамматикалық құрылымын зерттеуде басты мәселенің қатарынан орын алады. Өйткені бұл категория – сөйлемде сөздерді байланыстыратын негізгі грамматикалық көрсеткіш. Сонымен қатар септік тұлғалы сөздер синтагматикалық тұрғыдан көбіне етістікпен байланысатындықтан, тілдік қатынастың оларсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Септік категориясын лингвистер әр қырынан қарастыруда. Септік жалғаулары морфологиялық, синтаксистік және мағыналық тұрғыдан зерттелініп келеді. Септік жалғауларын синтаксистік қызметі мен семантикалық қызметіне қарай ғалымдар екі топқа бөліп қарастырғаны белгілі: грамматикалық септіктерге атау, ілік, табыс, ал көлемдік септіктерге барыс, жатыс, шығыс септіктерін және қазақ тіліндегі көмектес септігін жатқызады. Септіктерді бұлай топтау олардың сөйлеудегі қызметтеріне байланысты. Грамматикалық септіктерде семантикаға қарағанда грамматикалық жағы, яғни синтаксистік қызметі басым түссе, көлемдік септіктерде семантикалық мәні басым келеді. Грамматикалық септіктер адвербиалдық мәнге ие болмайды, ал көлемдік септіктер адвербиалдық мәнге ие болады. Қазақ тілінде септіктер жүйесін құрайтын септік тұлғаларының ішінде сөз бен сөзді байланыстырмайтын, сөздерді түрлендірмейтін, септік парадигмасынан қол үзген көнеленген септік тұлғалары бар. Бұл тұлғалар сыртқы формасы жағынан септік жалғауларына ұқсас болғанымен атқарар қызметі мен мағыналық қатынасы өзгеше. Септік жүйесіндегі барлық септік көрсеткіштері септік парадигмасынан қол үзіп, сөз байланыстыру қызметінен ауытқымайды. Тек көлемдік септіктер – барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері бұрынғы қызметінен ауытқып, жаңа қызметті иеленеді. Алайда бұл құбылыс тілдің ішкі және сыртқы факторлары әсер ететін, ұзақ, тарихи процесс болып табылады. Тілдегі қосымшалардың көнеру әрекетін ғалымдар лексикалану құбылысымен байланысты қарастырады. Қосымшалар ішінде септік жалғауларының көнеленуі де лексикалану әрекетінің бір тәсілі болып табылады Септік жалғаулары сөздердің түрлену жүйесіне енеді. Олар тек сөз бен сөзді байланыстырып, сөздердің (есімдердің) түрлі грамматикалық мағыналарын білдіреді. Алайда септік тұлғалары сөзге жалғанып, грамматикалық мағынада жұмсалмай, жаңа лексикалық бірлік құрайды. Қазақ тілінде тек септік жалғаулары ғана емес, сонымен бірге тәуелдік жалғаулары, көптік жалғаулары, етістіктің кейбір жұрнақтары да грамматикалық мағыналармен қатар, лексикалық мағынаны білдіре алады. Сөз түрлендіруші форманың сөз тудырушы формаға ауысуы лексикализация процесімен тығыз байланысты. Лексикализация процесі барысында грамматикалық форма түбірмен кіріге отырып, өздерінің бір септіктен екінші септікке ауыса алу қабілетінен айрылады, соның негізінде грамматикалық мағынасы көмескіленеді, сонымен бірге морфологиялық категория жүйесінен оқшауланады да жаңа лексикалық тұлға қалыптасады. Бойына сөз тудырушылық қасиетті иеленген септік жалғаулары көнелене отырып, өзінің жалғастырушылық қызметінен, грамматикалық мағынасынан қол үзе келіп түбірмен кірігіп кетеді.

(2)

Оқшауланған септік тұлғалы сөздер (сөз таптары) сөйлем ішіндегі байланыстыру қызметінен де алшақтап, синтаксистік тұрғыдан етістікпен байланысы артқан. Көнеленген септік жалғаулы лексикалық тұлғалардың лексикалық және грамматикалық мағыналары өзгеріп жаңа мағынаны иеленеді, бұл туынды сөздің синтаксистік қызметіне де өз әсерін тигізеді. Септік жалғаулы сөздердің көнеленуі негізінде жаңа лексикалық тұлғаға ауысу процесі синтаксистік деңгейде өтеді. Кілт сөздер: Сөздер, ескі істердің аяқталуы ABSTRACT

Сategory of case plays an important role in the common grammatical categories of names and takes the leading place in the study of the grammar structure of the language. Because this category is the main grammatical indicator that links the words in a sentence. In addition, case words are often syntactically related to verb, and language relationships can not be realized without them. The linguists are investigating the category of case in different sides. Case endings are studied morphologically, syntactically and semantically.

Due to the syntactic activity and semantic activity of case endings, scientists divide into two groups: grammatical cases are nominative, genitive, dative, volumetric cases are accusative, locative, ablative and instrumental in Kazakh language. This sort of grouping depends on their speaking services. In grammatical cases, the grammatical side, i.e. syntax, prevails in semantics, in volumetric cases prevails semantic significance. Grammatical cases do not have adverbial value, and volumetric cases have an adverbial value.

In the Kazakh language there are old case figures among case systems, that don't link words and words, and don't convert the words, and are far from case paradigm. Although these figures are similar to their external shape, their function and meaning are different. All case indicators do not deviate from the case paradigm and act as word-linking function in the case system. Only volumetric cases – accusative, locative, ablative instrumental are retreated from the previous position and had a new service. However, this phenomenon is a long, historic process that affects the internal and external factors of the language. The scientists associate the expiration behavior of auxiliaries in language with the phenomenon of lexication. The expiration case endings among auxiliaries also means one of the ways of lexication.

Case endings are included in the word conversion system. They only link words and words and represent different grammatical meanings of words (names). However, case figures are connected to the word, are not used grammatically and make new lexical units. In the Kazakh language not only case endings, but also possessive endings, plurality endings, some suffixes of the verbs with the grammatical meaning, can also give lexical meaning. Form word converting form into a word-forming form is closely connected with the lexicalization process. In the process of lexicalization the grammatical form integrating with root loses its ability to move from one case to another, on the basis of which its grammatical meaning becomes obsolete, isolated from the morphological category system, and a new lexical figure is formed.

Having the word-forming quality the case endings get older, deviate from its continuing activity and grammatical meaning integrate with the root. Separate isolated case figures (parts of speech) are separated from the context-specific function, and have a higher syntactical connection to verbs. The lexical and grammatical meanings of the lexical figures with old case endings change and have a new meaning, which also affects the syntax of the derivative word. On the bases of deviating words with case endings the process of transition to a new lexicon is done at the syntax level.

Key words: Words, Old Case Endings

Септік категориясы есімдердің жалпы грамматикалық категориялар ішінде маңызды рөл атқарады және тілдің грамматикалық құрылымын зерттеуде басты мәселенің қатарынан орын алады. Өйткені бұл категория – сөйлемде сөздерді байланыстыратын негізгі грамматикалық көрсеткіш. Сонымен қатар септік тұлғалы сөздер синтагматикалық тұрғыдан көбіне етістікпен байланысатындықтан, тілдік қатынастың оларсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Септік категориясын лингвистер әр қырынан қарастыруда. Септік жалғаулары морфологиялық, синтаксистік және мағыналық тұрғыдан зерттелініп келеді. Морфологиялық тұрғыдан септік категориясы грамматикалық мағыналары бар септік категорияларының жүйесі ретінде грамматикалық категория болып табылады. Септікті грамматикалық тұлға ретінде орыс тіл білімінде Ф.Ф. Фортунатов пен В.В. Виноградов

(3)

қарастырған. Ф.Ф. Фортунатов септіктерді түрлену парадигмасында қарастырады. Ғалымның жұмысында септіктің мағынасынан гөрі түрлену парадигмасы мен оның дамып қалыптасуына көп көңіл бөлінген [1, 139 б.]. В.В. Виноградов өзінің іргелі жұмысында септікті «басқа сөз таптарына қатынасын білдіретін есімдер формасы» деп анықтайды [2, 139 б.]. Р.О. Якобсон да септікті морфологиялық тұрғыдан қарастырады. Ғалым әр септікке тән ортақ мағына бар деп біледі. Ол мағына морфологиялық сипатқа ие. Септіктердің жекелеген мағыналары сөз тіркесіне қатысты дейді [3]. Синтаксистік тұрғыдан септік сөйлемнің синтаксистік категориясы ретінде анықталады, септіктердің белгілі бір мағыналары оның парадигмалық тұлғаларында емес, сөйлемді құрайтын сөзформалар қатынасында қарастырылады. Сөз сөйлемнің құрылыс материалы бола отырып, сөйлемде түрлі тұлғаларда түрленіп келіп жұмсалады. Мысалы, зат есім септік тұлғаларының бірінде келе алады. Бұл тұлғалар сөздің сөйлемдегі орнына (позициясына) қатысты келеді. Сөздің мұндай формасы сөзформа деп аталады [4, 143 б.]. Септік категорияларын синтаксистік тұрғыдан А.А. Шахматов өз еңбектерінде талдайды, ол септіктерді анықтау негізі олардың синтаксистік қызметінде жатыр дейді. Е. Курилович көзқарасындағы септіктің синтаксистік сипаты септіктің функциясына негізделген. Ғалым септіктердің грамматикалық және семантикалық қызметтерін ажырата қарастырады [5]. Септік жалғауларын синтаксистік қызметі мен семантикалық қызметіне қарай ғалымдар екі топқа бөліп қарастырғаны белгілі: грамматикалық септіктерге атау, ілік, табыс, ал көлемдік септіктерге барыс, жатыс, шығыс септіктерін және қазақ тіліндегі көмектес септігін жатқызады. Септіктерді бұлай топтау олардың сөйлеудегі қызметтеріне байланысты. Грамматикалық септіктерде семантикаға қарағанда грамматикалық жағы, яғни синтаксистік қызметі басым түссе, көлемдік септіктерде семантикалық мәні басым келеді. Грамматикалық септіктер адвербиалдық мәнге ие болмайды, ал көлемдік септіктер адвербиалдық мәнге ие болады. Қазақ тілінде септіктер жүйесін құрайтын септік тұлғаларының ішінде сөз бен сөзді байланыстырмайтын, сөздерді түрлендірмейтін, септік парадигмасынан қол үзген көнеленген септік тұлғалары бар. Бұл тұлғалар сыртқы формасы жағынан септік жалғауларына ұқсас болғанымен атқарар қызметі мен мағыналық қатынасы өзгеше. Септік жүйесіндегі барлық септік көрсеткіштері септік парадигмасынан қол үзіп, сөз байланыстыру қызметінен ауытқымайды. Тек көлемдік септіктер – барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері бұрынғы қызметінен ауытқып, жаңа қызметті иеленеді. Алайда бұл құбылыс тілдің ішкі және сыртқы факторлары әсер ететін, ұзақ, тарихи процесс болып табылады. Тілдегі қосымшалардың көнеру әрекетін ғалымдар лексикалану құбылысымен байланысты қарастырады. Қосымшалар ішінде септік жалғауларының көнеленуі де лексикалану әрекетінің бір тәсілі болып табылады. Қазақ тілі басқа түркі тілдері сияқты морфологиялық белгісі жағынан агглютинативті тілдерге жататыны белгілі. Сөздердің түрленуі түбірге белгілі бір қосымшаның жалғануы арқылы жүзеге асады. Септік жалғаулары сөздердің түрлену жүйесіне енеді. Олар тек сөз бен сөзді байланыстырып, сөздердің (есімдердің) түрлі грамматикалық мағыналарын білдіреді. Алайда септік тұлғалары сөзге жалғанып, грамматикалық мағынада жұмсалмай, жаңа лексикалық бірлік құрайды. Қазақ тілінде тек септік жалғаулары ғана емес, сонымен бірге тәуелдік жалғаулары, көптік жалғаулары, етістіктің кейбір жұрнақтары да грамматикалық мағыналармен қатар, лексикалық мағынаны білдіре алады. Сөз түрлендіруші форманың сөз тудырушы формаға ауысуы лексикализация процесімен тығыз байланысты. Лексикализация процесі барысында грамматикалық форма түбірмен кіріге отырып, өздерінің бір септіктен екінші септікке ауыса алу қабілетінен айрылады, соның негізінде грамматикалық мағынасы

(4)

көмескіленеді, сонымен бірге морфологиялық категория жүйесінен оқшауланады да жаңа лексикалық тұлға қалыптасады. Бойына сөз тудырушылық қасиетті иеленген септік жалғаулары көнелене отырып, өзінің жалғастырушылық қызметінен, грамматикалық мағынасынан қол үзе келіп түбірмен кірігіп кетеді. Оқшауланған септік тұлғалы сөздер (сөз таптары) сөйлем ішіндегі байланыстыру қызметінен де алшақтап, синтаксистік тұрғыдан етістікпен байланысы артқан. Көнеленген септік жалғаулы сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналары өзгеріп жаңа мағынаны иеленеді, бұл туынды сөздің синтаксистік қызметіне де өз әсерін тигізеді. Септік жалғаулы сөздердің көнеленуі негізінде жаңа лексикалық тұлғаға ауысу процесі синтаксистік деңгейде өтеді. Сөз түбіріне кіріккен тәуелдік жалғауларын зерттеген ғалым А.А. Раманова кірігу құбылысының бүгінге дейін қазақ тіл білімінде екі мағыналы сөздің бір-біріне бірігіп, өзара жымдасып кетуінің негізінде бір мағынаға ие болған сөздерге байланысты ғана қолданылып келгенін, ал түбір мен қосымшаның бір-біріне сіңісуінің нәтижесінде жаңа мағынаға ие болу жағдайын белгілі терминмен атау қалыптаспағанын тілге тиек етіп, автор «қосымшалардың түбірге кірігу әрекеті» деген атау ұсынады. Сонымен бірге төмендегіше белгілерін анықтайды: ✓ Түбірге жалғанған қосымша бастапқы мағынасы мен қызметінен бүтіндей не жартылай айырылады; ✓ Түбірге жалғанған қосымша көнелену әрекетіне ұшырайды; ✓ Бастапқы түбірмен бірігіп келіп, жаңа лексикалық мағынаны білдіреді; ✓ Тілде түбір ретінде саналып, өзге туынды сөздердің жасалуына негіз болады; ✓ Сөз таптарын қалыптастыруда негізгі тәсілдердің бірі саналады [6, 44 б.]. Бұл белгілер септік жалғауларының да көнеру әрекетін анықтайды. Бұл белгілер көнеленген септік жалғауларын мағыналық, сөзжасамдық және морфологиялық тұрғыдан айқындап тұр. Септіктердің көнеленуі барысында олардың синтаксистік сипаты да өзгеріске түседі. Септік жалғауларының түбірге кірігу, көнеру әрекеті тілімізде жиі кездесіп отырады. Бұл жағдайда септік жалғауларын бастапқы мағынасы мен қызметінен айырылып, көнеленіп, өзі жалғанған түбірге кірігіп кетеді. Соның негізінде ол сөзжасамдық қасиет атқарып, сол сөзді туынды түбірге айналдырады. Бұл сөздер тілімізде түбір мен жалғауға ажыратылмай, бір бүтін бірлік ретінде қолданылады. Қазақ тіліндегі көнеленген септік жалғауларының өзіндік ерекшеліктері бар. Көнелену арқылы септік жалғаулары өз қызметтерінен алшақтап, жаңа семантикалық-грамматикалық қызметке ие болады. Өзі жалғанған түбірмен бірігіп, бір бүтін лексикалық мағына құрайды, сөйтіп сөздіктердің реестріне енеді. Бұл ерекшелік көнерген септік жалғауларына тән. Қазақ тіліндегі сөйлем ішінде грамматикалық қатынасты білдіретін әдеттегі септік жалғаулары мен көнеленген септік жалғауларының өзіндік ерекшеліктері болады. 1. Сөйлемдегі септік жалғаулары сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымша ретінде есептелсе, көнеленген септік жалғаулары жаңа лексикалық бірлік тудырып, сөзжасамдық қызмет атқарады. Мысалы, 1970 жылы бір топ ақын, жазушы шахтерлермен кездесу үшін Алматыдан Қарағандыға келді (Ә. Нұршайықов) деген сөйлемде шахтерлермен, Алматыдан, Қарағандыға сөздері көмектес, шығыс және барыс септіктерінің жалғауларында тұр. Шахтерлер, Алматы, Қарағанды сөздеріне септік жалғаулары арқылы грамматикалық мағына үстелген. Сонымен бірге ол сөздер құрамын шахтерлер (түбір) + мен (көмектес септік), Алматы (түбір) + дан (шығыс септік), Қарағанды (түбір) + ға (барыс септігі) деп талдай аламыз. Көлемдік септіктер

(5)

түбірден жеке морфема ретінде ажыратыла алады. Ал көнеленген септік жалғаулары сөздің түбіріне кірігіп, бөлшектеуге келмейтін біртұтас лексемаға айналады. Мысалы, Бетімен жайылып жүрген бір ел бар, алыс-жақын, кедей-бай демей, барымталаса береді деп біржола сенісіп қойған сияқты (Ғ. Мүсірепов). Бірде жақын ағайынның Қалекең үйі мен Қожатай мағзұм үйлерінің аттарын мініп, Әзімхан деген ағайын жігіт екеуміз қашып кетіп едік (С. Сейфуллин). Бір-бірден тауып, аман лақтап берсе, сол төлді аман өсірсең де олжаң аз болмас, – деді Қазықан (С. Бегалин). Бетімен, бірде, бір-бірден сөздері құрамындағы көмектес, жатыс, шығыс және барыс септіктері түбірде көнеленуі арқылы алғашқы заттық, сандық мағыналарынан айрылып қимыл-сын, мезгіл үстеу мағынасын білдіріп тұр. Олар түбір мен қосымшаға жіктелмей, бір лексикалық бірлік ретінде танылады. Бұл сөздер сөздіктерде жеке-жеке, біртұтас сөз ретінде берілген. 2. Әдеттегі септік жалғауларының білдіретін грамматикалық мағыналары әртүрлі: бағыттық, мекендік, мезгілдік. Өткен күзде «Ақиқат пен аңыз» біткен бөлімдерін өзіне оқып беру үшін Баукеңнің үйіне барғанмын (Ә. Нұршайықов). Шеткі үйдің іргесінен өте беріп, екі-үш қабат үсті-үстіне жөткірінді (Б. Нұржекеев). Осы сөйлемдердегі септік жалғаулары бағыттық, мекендік мағынада жұмсалғанымен, сөздердің жеке тұрғандағы заттық мағынасы айқын. Ал, өткен-кеткеннің бәрі еске түсіп, жұрт бет-бетіне дабырлап, әрқайсысы өз сөзін тыңдатудың таласын бастады (Б. Майлин). Алғашында ырыққа көнгісі келмеген Сапар енді еріксіз ентелей басып бара жатыр (А. Байтанаев) деген сөйлемдердегі бет-бетіне, алғашында сөздері септік жалғауларының көнеруі арқылы пайда болған. Бет-бетіне сөзі сын-қимыл мағынаны, алғашында сөзі мезгілдік мағынаны білдіретін үстеу ретінде жұмсалған. 3. Септік жалғаулары сөйлем ішінде меңгеру байланысу формасында жұмсалса, көнеленген септік жалғаулары арқылы жасалған сөздер қабысу байланысу формасында қолданылады, сонымен бірге сөйлем мүшелерімен байланысқа түспей, оқшау тұрып та жұмсалады. Мысалы, Ниязбай қызыл тазыны ілуде болмаса, бұл тоғайға әкелмейтін (С. Бегалин). Ал кейініректе, үстіміздегі ғасырдың басында бір пар ақбөкен мүйізі түйенің құнымен бағаланған (Х. Қыдырбаев) деген сөйлемдерде септік жалғаулы сөздер тоғайға әкелмейтін, құнымен бағаланған түрінде меңгеру байланысу түрінде келген. Ал көнеленген септік жалғаулары арқылы жасалған сөздердің бір тобы сөйлем ішінде ешбір сөзбен байланысқа түспей оқшау тұрса, көнеленген септік тұлғалары арқылы қалыптасқан үстеу сөздер өзіне қатысты сөздермен қабысу байланысу түрі арқылы байланысқа түскен. Төмендегі сөйлемдерге назар аударайық, Негізінде, Сәкен шығармаларындағы кемшіліктер, жазушының өсу жолындағы қиыншылықтарына берген бағамыз әлі де дұрыс (Ғ. Мүсірепов). Рас, оның бірлі-жарым балғын әні төбе көрсетіп қалады. Әйткенмен, өзге әндердің жанында ол теңізге тамшы түскендей елеусіз қалып қояды. Таяуда бір жас жігіттің повесін оқыдым (М. Әлімбаев). Маржанкүл Түлкібайға осы қорқынышының себебін хатында ұялта отырып лажсыздан білдіруге душар болды (Н. Ғабдуллин). 4. Септік жалғаулы сөз әдетте сөйлем ішінде жанама толықтауыш қызметін атқаратын болса, түбірге кіріккен септік жалғауы арқылы қалыптасқан сөздер екінші сөз табына ауысуына байланысты сөйлемде тұрлаусыз мүшенің (пысықтауыштың) қызметін атқарады. Мысалы, Шегірткеден қорыққан егін екпес (Мақал). Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды (Мақал-мәтелдер). Әкесіне жыламағанда, қайда жылаймын дейді екен (С. Мұқанов). Ондай мінез кейбіреулерімізде әлі де бар ғой (Ә. Әбішев). Сөйлемдердегі шегірткеден, баламен сөздері шығыс, көмектес жалғауларын,

(6)

ал әкесіне, кейбіреулерімізде сөздері ІІІ, I жақ тәуелдік көрсеткіштерінен кейін барыс, жатыс тұлғаларын қабылдаған және сөйлемде толықтауыш қызметін атқарып тұр. Ал, Үш ғасырдан сақталған Орхон жазуының нұсқаларында шығыс септік жалғауы мен оның қосымшасы атымен болмаған (Қазіргі қазақ тілі). Күніне бір сағат кешкілікте сабақ беріп тұратын боп келісті (Д. Әбілов). Аузынан шыққан сөзге әдепкіде бойы мұздап, шошып қалса да, өңі қобалжыған жоқ (Ә. Нұрпейісов). Әлі күнге өздігінен отыра алмайтын болғасын айналасын көрпемен қоршап, мүйіттеп қойған кішкентай Әшім әжесін көре сала талпынып, қолын созып жылай бастайды (Ә. Нұрпейісов). Сөйлемдердегі атымен, өздігінен сөздеріне көмектес, шығыс септіктерінің кірігуі арқылы пайда болған үстеулер сөйлем ішінде «қалай?» сұрауына және күніне, әдепкіде тәрізді барыс, жатыс септіктері жалғауларының көнеленуінен жасалған үстеу сөздер «қашан?» сұрауына жауап беріп, пысықтауыш қызметінде тұрғандығы анық. Сонда, алдыңғы мысалдардағы септік жалғаулары өзінің синтаксистік қызметін сақтаған болса, соңғы сөйлемдердегі септік жалғаулары түбірге кірігуінің нәтижесінде бастапқы қасиеттерін жойып, жаңа қызметіне көшкен. Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларының негізгі синтаксистік қызметі меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін құру, сөздерді бір-бірімен байланыстыру болса, аталған септік қосымшаларының түбірге кірігу әрекетінің нәтижесінде септік жалғаулары бұл қабілетінен айырылады. Мысалы: Ұяты өзіңе келіп жүрсе, өкпелемессің! (Ғ. Мүсірепов). Осы бір кішкене тірлікте араласып тұрдық, Бәкең үйімізде талай болған-ды (Т. Төреханов). Бес нәрседен қашық бол, адам болам десеңіз (Абай). Адамды ақылмен көндіру оңай ма, күшпен көндіру оңай ма? (Ғ. Сланов). Осы сөйлемдерден өзіңе келіп жүрсе, тірлікте араласып тұрдық, бес нәрседен қашық бол, ақылмен көндіру түріндегі меңгеру байланысу формасын көре аламыз. Бұл тіркестердің бағыныңқы сыңарлары барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулы сөздер. Демек, тіркестің құрылуына да негіз болып отырған – септік жалғаулары. Ал, түбірге кіріккен септік жалғаулары сөйлем ішінде қабыса байланысып келеді. Мысалы, Топырақтан өмір исі шығады, Оны денең тиіп кетсе, ұғады. Еңбегіңді есесімен беретін Жақсылық та топырақтан жұғады (Ө. Тұрманжанов). Естіп ем ел аузынан бір аңызды, Сол аңыз жүрегімнен жыр ағызды. Сырламай сол қалпында ұсынайын, Кешір, дос, олақ айтсақ мына бізді (М. Әлімбаев). Ар жақтан отыратын Көлбай, Жанбай, Шідерімді кім алды, Ләйлім алмай. Балағы шідерімнің алтын еді, Асығыстан барамын сұрай алмай (Қазақ әндері). Келтірілген сөйлемдердегі көнеленген септік жалғаулы сөздер өздеріне байланысты сөздермен қатар тұрып, қабыса байланысқан: есесімен беретін, орын-орнына қойып жүрмін, сол қалпында ұсынайын, асығыстан барамын. 5. Көнеленген септік жалғаулары бір сөз табынан екінші сөз табына ауыстыру арқылы конверсия құбылысына да қатысады, ал әдеттегі көлемдік септік жалғауларына бұл

(7)

қасиет тән емес. Тегінде, әлі күнге шейін Балзиядан үмітін үзбесе керек, үсті-үстіне хат жазып тұрады (С. Омаров). Асылында, бұл бөлме осы үйдің бұйым сақтайтын музейі секілді (Б. Соқпақбаев) деген сөйлемдердегі тегінде, асылында қыстырмалар тәуелденген есім сөздерге септік жалғауының кірігуі арқылы жасалған. Маржанкүл Түлкібайға осы қорқынышының себебін хатында ұялта отырып лажсыздан білдіруге душар болды (Н. Ғабдуллин). Тек бір рет байқаусызда әйелінің Жұмашқа айтқан сөзін естігенде селт етті (Т. Ахтанов) деген сөйлемдердегі лажсыздан, байқаусызда деген үстеу сөздер сын есімдерден септік жалғауларының көнеруі арқылы жасалған. Яғни септік жалғауларының түбірге кірігуі негізінде сөздің мағынасы өзгеріп, бір сөз табынан екінші сөз табына өткен. 6. Көнеленген септік жалғаулары арқылы жасалған сөздерді сөзжасамда туынды сөздер деп атайды. Себебі көнеленген септік жалғаулары сөзжасамдық қызмет атқарып, жаңа туынды мағына жасауға қатысады. Мысалы, лажсыздан, байқаусызда, бетімен, бірде, бір-бірден, күніне үстеу сөздері көнеленген септік арқылы туынды мағынаны иеленген, сонымен бірге септік жалғауларының түбірге кірігіп, көнеру процесінде қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер де қалыптасатынын зерттеу еңбектерден көре аламыз [7]. 7. Көнеленген септік жалғаулары арқылы қалыптасқан сөздер сөздіктерде реестр сөз қатарында беріледі. Бұған дәлел ретінде «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (Алматы, 1974-1986, 1-10 т.), «Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі» (Алматы, 2007), «Қазақ тілінің сөздігі» (Алматы, 1999), «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» (Алматы, 1978, 2002) еңбектерінде көнеленген септік жалғауы арқылы жасалған сөздердің еш өзгеріссіз сол қалпында берілуін айтуға болады. Сонымен, көнеленген септік жалғаулы сөздердің қазақ тілінде бар құбылыс екенін жоғарыдағы ерекшеліктер анықтайды. Осы аталған белгілер септік жалғауларының түбірге кірігу, көнеру әрекетінің тілде бар құбылыс екендігін толығынан айқындап береді. Тілімізде септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалған туынды сөздер мағынасы жағынан алшақ емес. Септік жалғауларының түбір сөзге кірігуі арқылы көбіне үстеу сөздер жасалатыны барлық морфологиялық еңбектерде үстеу сөз табының құрылымына байланысты айтылып келеді. Дегенмен көнеленген септік жалғаулы сөздердің түрлі мағыналық ерекшеліктерін көруге, кездестіруге болады. Мұндай көнеленген септік жалғаулы сөздер тілімізде тек үстеулер ғана емес, сонымен бірге басқа да тілдік бірліктер жасалады. Септік тұлғалары тілдің дамуы барысында, тілдік қажеттіліктерден көнелене отырып, өзі жалғанған есім сөздерді екінші семантикалық-грамматикалық категорияларға ауыстырады. Көнеленген септік жалғаулары арқылы қалыптасқан сөздердің қалыптасу сызбасын төмендегіше көрсетуге болады: Зат есім Сын есім көнеленген Тұлғалар Сан есім + септік тұлғалары Есімдік (барыс, жатыс, Етістік шығыс, көмектес) Үстеу үстеу шылау қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер сөздер сөздер

(8)

Қазақ тіліндегі бірқатар қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер септік жалғаулар формасында қалыптасқан: ақырында, расында, дұрысында т.б. Қыстырма ретінде жұмсалатын сөздердің септік тұлғаларында түрленуі туралы М. Томанов пен Т. Сайрамбаевтың «Қазақ тіліндегі қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер» еңбегінде былай делінген: «Бұдан қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер өзгереді (яғни септеледі, не тәуелденеді) деген ұғым тумайды. Қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер өзгермейтін сөздер тобына жатады. Егер белгілі бір қыстырма ретінде жұмсалатын сөз белгілі бір септік жалғауында қалыптасса, сол қалпында ғана қыстырмалық қызметте жұмсалады. Ал оның сол жалғауының орнына басқа септік жалғауын қоссақ, оның қыстырмалық қасиеті жойылады. Бұл жерде белгілі бір сөздердің қыстырма қызметінде қалыптасуы морфологиялық тұлғаға байланысты деп айту қиын. Бір ғана нәрсенің басы ашық: әңгіме болған сөздер қыстырма қызметінде сол тұлғаларда ғана қалыптасқан. Сөйлем құрамындағы интонациялық жіктеліс, сөйлемнің негізгі құрамынан синтаксистік оқшаулану сол тұлғаларда ғана мүмкін. Кейде қыстырма қызметінде, кейде сөйлемнің жеке мүшесі қызметінде жұмсалатын кейбір сөздер қыстырма қызметінде түрленбейді, бірақ сөйлем мүшесі қызметінде түрленеді» [7, 10 б.]. Авторлар қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер қызметінде тұрақты жұмсалып жүрген сөздердің барлығы о баста қыстырмалық қызметте емес, сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалған сөздер болғанын, олар тіл дамуының кейінгі кезеңдерінде, сөйлемде қолданылу ыңғайында басқа сөздерден пауза арқылы ерекшелене бастап, бірте-бірте қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер қызметіне ауысқанын айтады. Қыстырмалардың морфологиялық құрылымы, семантикалық ерекшеліктері қарастырылған еңбектерде олардың көнеленген септік негізінде қалыптасқан түрлері арнайы қарастырылмаған. Алайда септік тұлғалары арқылы қалыптасқан қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер тілімізде қалыптасқан. Септік тұлғалары арқылы қыстырма ретінде жұмсалатын сөздермен қатар қыстырма ретінде жұмсалатын сөз тіркестер де қалыптасқан. Қыстырма ретінде жұмсалатын сөз тіркестері де морфологиялық сипаты жағынан есім түбірлі және етістік түбірлі болып келеді. Есім түбірлеріне сын есім мен зат есімнің (бір жағынан, екінші жақтан), есім мен шылаудың (бақытымызға қарай, өкінішке орай), есім мен үстеудің (әлі есімде), үстеу мен үстеудің (ең алдымен) тіркестерінен жасалған қыстырмалар жатады. Етістік түбірлеріне есім мен етістіктен (соры қайнағанда, шынын айтқанда, бір сөзбен айтқанда), үстеу мен етістіктен (жалпы алғанда, былайша айтқанда) және етістік пен етістіктен (қорыта айтқанда, қорыта келгенде) жасалған қыстырмалар жатады. Қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер мен сөз тіркестері ішіндегі көнеленген септік жалғаулары арқылы қалыптасқан тұлғаларды жеке алып қарастыруға болады: сайып келгенде, былайша айтқанда, жалпы алғанда, оның айтуына қарағанда, пәленшенің айтуына қарағанда, расында, тегінде, ақырында, задында, біріншіден, екіншіден, алдымен, шынында, ең алдымен, қорыта келгенде, үшіншіден, жалпы алғанда. Қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер мен сөз тіркестерін қалыптастыруда жатыс пен шығыс септіктері көбірек қатысқан. Септік жалғауларының түбірде көнелену әрекеті бұл сөздердің қалыптасуына негіз болған. «...Туынды мағына негіз сөздің мағынасын өзгертпей, оның мағынасына үстеліп қосылуы мағынаның түрленуіне жатады. Сөзжасамда ол түрленген туынды мағына деп аталады» [8, 42 б.]. Сонымен, көнеленген септік жалғаулы сөздер – өз мағыналарын толық ашу үшін белгілі бір лексика-синтаксистік мәтінді талап ететін, тұлға жағынан тұрақталған, атауыштық қызмет пен модальдік қызмет атқаратын, семантикалық жағынан біртұтас бірлік.

(9)

Жоғарыда айтылғандарды септік жалғауларының түбірге кірігуі арқылы бастапқы түбірдің мағынасы түрленіп, жаңа мәнге ие болатынын байқадық. Осы тәсілдің негізінде пайда болған сөздер арқылы тіліміздің, ең алдымен, сөздік құрамы толыға түседі, бір-біріне мәндес сөздер қатары да молаяды. Бұл өзгерістерді сөздік құрамымыздың толық әрі жүйелі көрсеткіші түсіндірме сөздіктерден көруге болады. Әдебиеттер 1 Фортунатов Ф.Ф. Избранные труды. – М.: Учпедгиз, 1957. – 471 с. 2 Виноградов В.В. Русский язык. – М.: Наука, 1972. – 614 с. 3 Якобсон Р.О. Шифтеры, глагольные категории и русский глагол // Принципы типологического анализа языков различного строя: сб.тр. – М.: Наука, 1972. – С. 14-27. 4 Ломтев Т.П. О некоторых вопросах структуры предложения // Общее и русское языкознание. – М.: Наука, 1976. – С. 140-158. 5 Курилович Е. Очерки по лингвистике. – М., 1962. – 456 с. 6 Раманова А.А. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз түбіріне кіріккен тәуелдік жалғаулары: филол. ғыл. канд. ... дисc. – Алматы, 2004. – 144 б. 7 Томанов М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі қыстырмалар. – Алматы, 1983. – 47 б. 8 Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2001. – 213 б.

Referanslar

Benzer Belgeler

Okul Öncesi Eğitim Başlama Yaşı ve PISA Fen Okur-Yazarlık Becerisi: Öğrencilerin okul öncesi eğitime başlama yaşlarına göre PISA fen okur-yazarlık becerine ait

Araştırmada öğretmenlerin tercih ettikleri öğretim stillerinin okullardaki akademik iyimserliği açıklama düzeyi incelenmiştir.. Araştırmanın bağımlı değişkeni

Bu nedenle hemşirelik eğitim programlarının, öğrencilerin kendi değer ve inançlarının farkına varacak, eğitimleri sırasında temel bireysel ve mesleki

Mathematics achievement test was applied to both groups before and after the study in order to understand whether there was a significant difference between the mathematics

The study explores the role of online presentations in Oral Communication Skills course, set of challenges in emergency online learning for students, and the

For the second research question, Pearson Correlation Coefficients were calculated to examine the relationship between students' stereotyped thoughts about foreign

Bunlardan biri öğretmen öğrenci diyaloğunun konuşma sırasını ifade eden T-S konuşma sırası örüntüsü iken diğeri ise öğretmenlerin öğrenci cevaplarına

Deney grubu öğrencilerinin kavram haritası kullanılarak yapılan hazırlıklı konuşma çalışmaları ile ilgili görüşlerini almak için 5 sorudan oluşan